Қазақстан • 23 Қараша, 2017

«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты республикалық байқау өтеді

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты  ведомствоаралық байқауы жайлы брифинг өтті. 

«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты республикалық байқау өтеді

Жиынға ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі – аға көмекшісі Нұргүл Қарағойшина, ҚР Қарулы күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы – Қайсар Мұғалов, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және департаментінің директоры Алмас Садубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Әкімшілік құқық департаментінің басқарма бастығы Қуаныш Мырзағали қатысты. 

Аталмыш байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда  қатысатынын атап өткен жөн. 

«Сайысқа қатысатын командалар 2 айналым бойынша сайысқа түседі. Оның біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұрады. Жеңімпаздарды қоғам қайраткері Мырзатай Жролдасбеков бастаған қазылар алқасы анықтайды», деді Нұргүл Қарағойшина.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».